Алматыда ірі көлемде электронды темекі сатқан 2 тұрғын сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігі электронды темекіні ірі мөлшерде сатқандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Агенттіктің мәліметінше, Алматы тұрғындары бірнеше ай бойы заңсыз кәсіпкерлік қызметті, яғни вейптерді көтерме бағамен сатуды заңсыз іске асырған. Бұған дейін Алматы қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында сауда және қойма үй-жайлары анықталған болатын. Ол жерлерден 55 мыңнан астам электрондық темекі табылып, тәркіленген.
Сот үкімімен қаланың 2 тұрғыны кінәлі деп танылды. Олардың біреуіне 3 450 000 теңгеден астам айыппұл түріндегі жаза, ал екіншісіне 1 жыл мерзімімен бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбек түріндегі жаза тағайындалды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ