Алматыда нәрестесін сатып жібермек болған ерлі-зайыптылар ұсталды
Алматыда ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін 2 миллион теңгеге сатпақ болған. Екеуі қылмыс үстінде ұсталды.
Арнайы жасақ Алмалы ауданында 25 жастағы әйел мен оның 32 жастағы күйеуін ұстады. Жас келіншек перзентханадан шыққан бойда бірден «клиентіне» 2 миллион теңгеге келісім жасасуға барған.
Ерлі-зайыпты баланы тумай жатып, сатып алатын адам іздеген. Ұстау кезінде нәрестені сатудан түскен ақша тәркіленді. Екеуі өз кінәсін толығымен мойындап отыр, - делінген хабарламада.
Қазір Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2 бөлігі («Кәмелетке толмағандар саудасы») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетсек, осы қылмыс үшін 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ