присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматыда жолақысы 120 теңге болады

19 шілде 2024 12:40
Алматыда жолақысы 120 теңге болады

Алматы мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады. Соған сәйкес, жолақысы енді 120 теңге болды.

Қазір қалада 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді. Күн сайын желіде шамамен 2,3 мың автобус пен 184 троллейбус жүреді. Қоғамдық көлікпен қатынайтын жолаушылар саны күніне 1,5 миллион адамнан асты.

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, 2023 жылғы тамызда жол жүру тарифі 11 жылда алғаш рет 100 теңгеге дейін көтерілген. Соған қарамастан жол ақысын төлеуден түсетін күнделікті түсім автобустарды жөндеу, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын сатып алу сияқты тасымалдаушылардың барлық шығынын өтемейді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру