Алматылық әйел желіде ер адамның ар-намысын қорлағаны үшін жазаға тартылды
Алматы қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде ер адамды қорлайтын пост жариялағаны үшін сотталды. Сот видеоны жала жабу, ал ондағы айтылған ақпаратты жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру деп таныды.
Ол 2023 жылдың қарашасында баласына мысық алу үшін хабарландыруларды іздеген. Сосын жарнаманы жариялаған Хакимовамен сөйлескен.
Біраз уақыттан кейін ер адамға бейтаныс әйел телефон соғып, әлеуметтік желіде ол туралы ақпарат жарияланғанын айтты. 2023 жылдың 11 қарашасында А.Хакимова әлеуметтік желіде азамат К.-нің суретімен пост жариялаған, – делінген құжатта.
Постты ер адамның отбасы мен балалары да көрген. Оқушылар күйзеліске түсіп, тіпті мектепке барғысы да келмепті. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға арыз жазған.
Хакимова өз кінәсін ішінара мойындап, постты қателесіп жариялап, кейін бірден өшіріп тастағанын түсіндірді. Алайда ер адам посттың бірден өшірілмегенін, ұзақ көндіргенін, әйелмен татуласпайтынын айтты, – деп мәлімдеді Алматы қалалық соты.
Психологиялық-филологиялық зерттеу постта адресатқа қатысты жағымсыз ақпарат бар екенін мәлімдеді.
Хакимова басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе беделiне нұқсан келтiретiн көрiнеу жалған мәлiметтердi жария түрде таратқаны үшiн кінәлі деп танылып, оған 180 АЕК, яғни 664 560 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот құқықбұзушының жеке басын және жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, айыппұл сомасын 30% азайтып, соңында 465 192 теңге айыппұл салуды дұрыс деп тапты.
Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың актісі заңдылығы мен негізділігіне байланысты өзгеріссіз қалды. Сондай-ақ соттың баспасөз қызметі 11 сәуір мен 23 мамырда Хакимова істі қайта қарау туралы өтініштер жолдағанын, бірақ Жоғарғы сот бұған еш негіз көрмегенін хабарлады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ