Анасын іздеп жүрген Жәнібек Қазақстанға қайта келді
Бельгия азаматы, кезінде Арқалық қаласынан шетелдік жалғызбасты әйелдің асырауына берілген Жәнібек Мұратұлы Жұмағұлов (қазіргі есімі – Эдди Жан) осыдан бірнеше уақыт бұрын елімізге келіп, туған анасын іздеп қайтқан еді. Одан кейін ол шетелге кетіп, енді міне, анасын табу үшін Қазақстанға қайтып келіп отыр.
Құрметті қазақстандық әкелер, аналар, аға-інілер мен әпке-қарындастар! Мен қазір үйдемін. Бірақ соңғы уақытта қайда барып, не істеп жүргенім жайлы сіздермен бөліскім келеді.
Үйге қайтар жолда мен Сингапурда бірнеше күн аялдап, керемет адамдармен таныстым! Сіздерге айтатын жаңалықтарым көп. Әзірше оларды құпияда сақтауым қажет.
1-2 аптадан кейін басқа да жаңалықты айтамын, - деді ол.
«Қазақ радиолары» ЖШС-ның бас директоры Нұртас Солтанұлының айтуынша, ол бүгін Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Қазақ радиолары» өткізетін «Мың алғыс» іс-шарасына арнайы қатысады.
Мың алғыс» мерекелік кешінде Жәнібектен бөлек, 30-жылдары ата-бабасы Қазақстанға қоныс аударған түрік этносының өкілі Яша Қошалиоғлы, донорлық органмен өмір сүріп жүрген алматылық Светлана Каипова мен Данияр Байбулаев, «Қазақ радиосы» арқылы еміне қаржы жинап, аяғынан нық тұрған Әларназ, 25 бала асырап алған ақтөбелік Жетесовтер отбасы мен Астанада тұрғын үйден шыққан өрт кезінде бесінші қабатта қалған тұрғынды аман алып қалған құтқарушы Ғалымбек Өтешев қонақ болады.
Бүгін, сағат 16:00-де Қазмедиаорталықта күтеміз! – деді ол.
22 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат Савельев деп атап жүр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ