Антикор 1,5 жыл ішінде 2 млрд доллар көлеміндегі активтерді қайтарды
Қазақстанға Қытай Коммунистік партиясы Тұрақты комитетінің мүшесі, тәртіпті бақылау жөніндегі орталық комиссия хатшысының орынбасары, Мемлекеттік қадағалау комиссиясы төрағасының орынбасары Сяо Пэй бастаған қытай делегациясы келді.
Кездесу барысында тараптардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары талқыланды.
Қазақстанның Антикор басшысы Асхат Жұмағали қытайлық әріптестерін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметі және жүргізіліп жатқан заңнамалық реформалар, сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді елдің бюджетіне қайтару жөніндегі шаралар және т.б. туралы хабардар етті.
Агенттік төрағасы 1,5 жыл ішінде Антикормен шамамен 2 млрд АҚШ доллары сомасына активтерді қайтару қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Тараптар жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа әдістері мен шаралары бойынша пікір алмасып, одан әрі екіжақты ынтымақтастықтың форматы мен бағыттарын талқылады.
Талқылау қорытындысы бойынша агенттік активтерді қайтару, тәжірибе алмасу, оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасасуға нақты ұсыныстар енгізді.
Қытай делегациясының мүшелері Астана қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне барып, «Антикор орталығының» жұмысымен танысты. Сондай-ақ оларға е-Қылмыстық іс жүйесінде live-режиммен іс жүргізу процесін көрсетті.
Қытайлық әріптестер Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін және бірлескен жобаларды егжей-тегжейлі талқылау қажеттігін айтты.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ