присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Астана қаласының прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімін қайтарды

25 шілде 2024 10:00
Астана қаласының прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімін қайтарды

Елорда прокуратурасы мемлекеттің мұқтаждығы үшін жер телімдерін алу туралы сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді. 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірі ақшалай өтемақы алып, қаланы абаттандыру үшін 50 жер телімдерін мемлекетке беру туралы сот шешімін 2 жыл бойы орындамаған.

Тағы бір жеке тұлға өтемақы алып, 4 мың балаға білім беруге арналған мектеп салу үшін жер телімін мемлекетке беру туралы сот шешімін бір жыл бойы орындамаған.

Жоғарыда аталған сот актілері прокурорлық қадағалау актісі негізінде орындалып, жер телімдерін мемлекетке беру жүзеге асырылды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру