присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Астана әуежайының басқарма төрағасы тағайындалды

02 сәуір 2024 16:45
Астана әуежайының басқарма төрағасы тағайындалды

Елорда әуежайының басқарма төрағасы болып Юсуф Альджавдер тағайындалды.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы болып Үкімет келісімі бойынша Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалған. Ал бұрынғы басшы Ерғазы Жолдасов атқарған қызметінен босатылды.

Юсуф Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Түрлі лауазымдарда, соның ішінде Emirates, British Airways әуе компанияларында, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Анықтама үшін: былтыр қарашада Астана қаласының әуежайы Terminals Holding (БАӘ) компаниясының сенімгерлік басқаруына берілген еді. 2024 жылғы 1 мамырдан бастап инвестор жеке инвестициялар есебінен 20 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге кірісуді жоспарлап отыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру