Астанада дүкеннен азық-түлік ұрлаған әйел ұсталды
Елордада супермаркеттен азық-түлік ұрлаған әйел анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 32 жастағы астаналықты ұстады.
Тергеу барысында әйел таңертең Тәуелсіздік даңғылындағы дүкенге келгені белгілі болды. Ол ешкім байқамай тұрған сәтті пайдаланып, азық-түлік ұрлаған.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Қалада оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Полицейлер астаналық сатушыларды қырағы болуға, күдікті тудыратын адамдарға назар аударуға кеңес береді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ