присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Астанада медицина қызметкері есірткі сатқан

22 қараша 2022 16:46
Астанада медицина қызметкері есірткі сатқан

Астанада аса ірі мөлшерде есірткі өткізген медицина қызметкері ұсталды.

ІІМ Көліктегі полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әскери бөлімнің арнайы мақсаттағы және Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелерімен бірлесіп, Астана қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін елордалық ауруханалардың бірінде медицина қызметкерін ұстады. Медициналық ұйымдағы жұмыс орнын тінту кезінде ұсталған азаматтың жеке шкафынан сұр-жасыл түсті ұнтақ заты бар төрт полиэтилен орамы тәркіленді. Ол жалпы салмағы 240 грамнан астам гашиш есірткі заты болып шықты. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аса ірі мөлшерге жатады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағының 3-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру