присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Астанада миллиондаған теңгенің тауарын ұрлаған Яндекстің курьері ұсталды

09 қаңтар 2023 17:30
Астанада миллиондаған теңгенің тауарын ұрлаған Яндекстің курьері ұсталды

Астанада 3,5 млн теңгеден астам тауар ұрлаған Яндекс курьері ұсталды. Астананың полицейлері алаяқтық әрекет жасады деген күдікпен 26 жастағы Көкшетау тұрғынын ұстады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол тапсырыс берушіден өтінімді қабылдап, дүкеннен жаңа тауар алып отырған. Бірақ ол заттарды клиентке жеткізбей, өзі алып отырған. Алданған қала тұрғындары курьерге хабарласа алмапты. Осылайша, ол ұялы телефондар, ноутбуктер, сымсыз құлаққаптар және басқа да құрылғыларды ұрлаған.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, қазір күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру