присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Астанада жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешені бұзыла бастады

14 қараша 2023 12:58
Астанада жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешені бұзыла бастады

Астанада рұқсат құжаттарынсыз салынған тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Көктөбе» тұрғын үй кешені Алматы ауданындағы Ш. Қалдаяқов, К. Әзірбаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Global Millennium компаниясы шұңқырын қазып, қадаларын қадаған. Іргетасын, бірінші қабатын да құйып қойыпты.

Құрылыс салушы шарт талаптарын орындамаған және нысанның құрылысын өз бетінше бастаған. Осыған байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 5 бірдей бабы бойынша хаттама рәсімделді. Бас мердігер – DBK-Engineering ЖШС да жауапқа тартылды.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты құрылыс салушыны тұрғын үй кешенін бұзуға міндеттеді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру