присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Астанада жалған хабарлама берген оқушылардың ата-анасына айыппұл салынды

07 ақпан 2024 16:16
Астанада жалған хабарлама берген оқушылардың ата-анасына айыппұл салынды

Астанада терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген оқушылардың ата-анасына айыппұл салынды.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Астананың жедел басқару орталығына телефоннан хабарлама түскен. Қоңырау шалушы қала мектептерінің бірінде террорлық шабуыл болатынын мәлімдеп оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу барған.

Жалған қоңырауды 11 жастағы 3 оқушының шалғаны анықталды. Осы факті бойынша ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Көрінеу жалған хабарлар ауыр қылмыс болып саналады, – делінген хабарламада.

Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы хабар таратқандар 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бас бостандығын 5 жылға дейінгі мерзімге шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыс жасалған кезде 14 жасқа толғандар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру