присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Астанада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдікті қолға түсті

24 маусым 2024 12:53
Астанада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдікті қолға түсті

Астанада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдікті ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Есіл ауданы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру кезінде қала тұрғындары мен қонақтарына «пәтерді» жалға берумен айналысқан  41 жастағы азаматты анықтады. Сотқа дейінгі тергеуде анықталғандай, ол Krisha.kz сайтында нарық бағасынан төмен бағамен пәтерді жалға берумен айналысқан.

Күдікті  шұғыл ақша қажет деп және пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден 90 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейінгі алдын ала төлемді аударуды сұраған. Бүгінге дейін алаяққа алданған 9 азамат полицияға арызданған. Олардың бірі, 23 жастағы жәбірленуші күдікті жіберген пәтердің фото мен видеосына сеніп, алаяқтың шотына 120 мың теңгені аударып жіберген.

Қазір осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге алданған басқа да зардап шеккендер анықталып жатыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру