присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ата-аналар баласына «Алтын белгіні» алып беру үшін бәріне барады – министр

19 мамыр 2023 10:21
Ата-аналар баласына «Алтын белгіні» алып беру үшін бәріне барады – министр

«Алтын белгіні» алу үшін ата-аналар түрлі заңсыз әрекетке барады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев айтты.

«Алтын белгі» баладан гөрі, ата-анаға қажет сынды. Себебі олар мақтану үшін, «Алтын белгіні» баласының алуы үшін барлық жайтқа барады. Егер жемқорлық фактілері осы атақты алу үшін жиі тіркелсе, онда бұл белгіні беру қаншалықты қажет деген сұрақ туындайды. Бұл бағытта жұмыс істейміз. Себебі білім сатылмауы керек, сапа болуы қажет, - деді Ғани Бейсенбаев Талдықорғанда өтіп жатқан жиында.

Айта кетейік, бүгін Талдықорғанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов және Оқу-ағарту министрінің қатысумен жиын өтіп жатыр. Оған ағарту саласының барлық маманы қатысуда.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру