Атаулы жалақы 338 мың теңгеден асты
Елімізде 2022 жылғы төртінші тоқсанда атаулы жалақының орташа мәні 338 715 мың теңгеден асты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
2021 жылғы төртінші тоқсанмен салыстырғанда, өсім – 22,9%, нақты мәндегі өсім – 2,8%.
Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы төртінші тоқсанда бағалау бойынша 204 168 теңге болды.
Бір жылда орташа айлық жалақы құрылыс саласында – 42%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсетуде – 32,6%, ақпарат және байланыста 31,9% өсті. Ал түрлі қызмет көрсету саласында керісінше 2,4% төмендеген.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ