Атырау облысында киіктің 137 дана мүйізі тәркіленді
Атырау облысында жер астына көмілген киіктің 137 дана мүйізі табылды.
ІІО мәліметінше, 24 наурызда Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1990 жылы туған аудан тұрғынының мекен-жайын тексеру барысында жер астына көмілген 137 дана киік мүйізін және 1 дана қол арасын тәркілеген.
ҚР ҚК 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ