присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Атырау облысында терроризмді насихаттаған жасөспірім ұсталды

16 ақпан 2024 12:56
Атырау облысында терроризмді насихаттаған жасөспірім ұсталды

Кеше ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жасар тұрғынын ұстады.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, былтыр аталған азаматқа ұқсас қылмысы үшін 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол заңға қарсы әрекеттерін жалғастырды. Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталатынын айта кету керек.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру