Атырауда 2,5 мың ақбөкен мүйізі тәркіленді
Атыраулық полицейлер 2,5 мың ақбөкен мүйізін тәркіледі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Береке шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін тексеру барысында жалпы салмағы 500 келіден асатын 2 421 дана ақбөкен мүйізі анықталған. Аталған дерекке қатысты 1991, 1987 және 1986 жылы туған күдіктілер ұсталды.
Келтірілген шығын 6 млрд 264 млн теңгеден асады. ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – деді Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Талғат Әмірханов.
Еске сала кетсек, бұған дейін БҚО-да полицейлердің 500-ге жуық киік мүйізін тәркілегенін хабарлаған болатынбыз.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ