Атырауда «көкек ана» екі нәрестесін кезек-кезек сатып жіберген
Атырау қаласында жаңа туған сәбилерін сатып жіберген әйелдің аппеляциялық шағымы қаралды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сот материалдарына сәйкес, жауапқа тартылған әйел жүкті болып жүргенде материалдық жағдайын жақсарту мақсатында баласы дүниеге келгеннен кейін сатып жіберуге шешім қабылдаған. Бір отбасымен де келіскен. Ал босанғаннан кейін жаңа туған нәрестені сатып жіберген.
Уақыт өте келе ол тағы жүкті болады. Сол кезде алаяқтық жолмен ақша табуға бел байлайды. Екі отбасыға туатын баласын белгілі бір сомаға сатуға уәде береді. Бірақ ақшасын алып, қашып кеткен. Сөйтіп жәбірленушілер 2,3 млн теңгеден айырылған. Ал алаяқ ана басқа отбасымен келісім жасаған. Олар бала дүниеге келгенше шотына ақша аударып тұрған. Сосын жаңа туған нәрестені солар алып кеткен. Отбасылық жұптар балаларды ақшаға сатып алып, олардың туу туралы куәліктеріне өз аттарын жаздырып алған.
Сот үкімімен балаларын сатқан және алаяқтық жасаған ана 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал нәрестелерді сатып алған отбасылар шартты түрде 3 жылға сотталды. Барлығы апелляциялық шағым түсірді.
Апелляциялық алқа бұған дейінгі сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ