присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Автобөлшектер өндірісін дамытуға 410 млрд теңге бөлінбек

20 ақпан 2024 17:30
Автобөлшектер өндірісін дамытуға 410 млрд теңге бөлінбек

Инвесторлар Қазақстанда автобөлшектер өндірісін дамытуға 410 млрд теңге бөлмек, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Бүгінде отандық және шетелдік инвесторлар елімізде автобөлшектер өндірісін дамытуға 410 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Өндірісте жергілікті өнімнің үлесін арттыру тауарды халыққа қолжетімді етеді. Бұл өндірушіге логистикалық шығынын азайтып, дайын өнімнің өзіндік құнына да әсер етеді.

Көліктердің жергілікті үлесін дамыту үшін автомобильдің құрамдас бөліктерінің базасын дамыту керек. Қазір Қазақстанда газ шығару жүйелері, бамперлер, сэндвич-панельдер, полиуретанды төсеніштер мен пластмасса бөлшектер, мультимедиа, отырғыштар, дөңгелектер, шиналар, цилиндрлердің қақпақтары, механикалық беріліс қораптары, аккумуляторлар шығару жобалары іске асырылып жатыр, - деді Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Шыңғыс Сүйінбаев Астанада өткен «Қазақстандағы автобөлшектер базасын дамыту мүмкіндіктері» атты халықаралық конференцияда.

Оның айтуынша, еліміз көлік өндірісінің көлемін 2024 жылы өндірілетін автокөліктердің жалпы көлемін 20%-дан 2027 жылы 50%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайтуды көздеп отыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру