присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Айдос Ербосынұлының ауыр нокауттан кейінгі жағдайы белгілі болды

16 қараша 2022 17:03
Айдос Ербосынұлының ауыр нокауттан кейінгі жағдайы белгілі болды

Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) WBA тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектегі жеңілісінен кейінгі жағдайы белгілі болды.

Ербосынұлы кубалық Дэвид Моррелмен (8-0, 7 КО) жекпе-жектің 12-раундында нокаутпен жеңілген еді. Оның жағдайы туралы спортшының өкілі саналатын Suleimen Promotions мәлімдеме жасады.

"Жақсы жаңалық. Біздің батырымыз, екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы отадан кейін терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды.

АҚШ-тағы компания өкілінің айтуынша, оның денсаулығы жақсарған. Боксшы әлі де дәрігерлердің бақылауында. Батырымызға қолдау көрсетейік", - деді компанияның баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) супер орта салмақта (76,2 келіге дейін) кубалық Дэвид Моррелмен (8-0, 7 КО) жұдырықтасып, 12-раундта ауыр нокаутқа түскен еді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру