Бағдат Мусин Қазақстанда интернет сапасы төмен екенін мойындады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда интернет сапасы төмен екенін мойындады.
«Интернет сапасы неге төмен деген шағымдар көп. Оны біз мойындаймыз. Бірақ кейбір факторларға тоқталғым келіп отыр. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта цифрлық экономиканың ойын-сауық контенті өсуде. Мысалы, TikTok, YouTube және одан басқа қосымшалар бар. Олар толық пайдаланып жатыр. Күнделікті өмірде такси жүргізушілері де бағдаршамда тұрғанда телефонына үңіліп, видео көреді», - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Оның айтуынша, басқа салаларда интернетке сұраныс артқан.
«Экономиканың басқа саласында толық виртуалды байланысқа шығу, яғни экономикалық іс-әрекет платформалық модельге өтуіне байланысты интернет трафигін пайдалану едәуір өсуде. Пандемия кезінен бастап бұл көрсеткіш 800 петабайтқа жетті. Халықаралық телекоммуникацияда ITY деген мекеме бар. Оның мәліметінше, былтыр әлем бойынша интернетті пайдаланатын адамдар саны 4,9 млрд-тан асты. Дәл осы уақытта елімізде интернет пайдаланушылар саны 90,9% (Ұлттық статистика бюросының дерегінше) болды. Интернет қолданушылардың саны ғана емес, олардың интернет пайдаланатын уақыта да өсті. Бұл факторлар байланыс инфрақұрылымына салмақ түсіріп отыр», - деді Бағдат Мусин.
Министр интернет сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ