Бала туу көрсеткіші ауылдарда жоғары - министр
Былтыр ауылдарда бала туу деңгейі қалаға қарағанда жоғары болды. Бұл туралы Мәжілісте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.
«2021 жылы ауылдарда бала туу деңгейі қалаға қарағанда жоғары болды. Биылдың 7 айдағы қортындысы бойынша республикалық көрсеткіштен 5 пайызға жоғары», - деді министр.
Министрдің мәліметінше, Қазақстанда жалпы өлім көрсеткіші былтырмен салыстырғанда 14 пайызға төмендеген.
Биыл 6 айдың қорытындысы бойынша ауылдағы ана өлімі қалаға қарағанда 2 есе төмен. Осы жылы нәресте өлімі былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауылдарда 30,6 пайызға өскені байқалды. Ауылда бала өлімі қаламен салыстырғанда 38,7 пайызға төмен. Нәресте өлімі әйелдердің денсаулығына тікелей байланысты, - деді Денсаулық сақтау министрі.
Бұдан бөлек, ведомство басшысы ауылдағылар қала тұрғындарына қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін айтты.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ