присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Банкаралық ақша аудару комиссиясы азаяды

03 қараша 2022 11:45
Банкаралық ақша аудару комиссиясы азаяды

Қазақстан Ұлттық банкі мен Visa, Mastercard және UnionPay ақша аудару жүйелерімен бірлесіп қолма-қол емес төлем мен банкаралық аударымдарға комиссияны азайтады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Шекті мөлшерлемелер төмендеген кезде кезең-кезеңімен төмендету тәсілі қолданылады. Бірінші кезең 2024 жылы 1 қаңтарда, ал екінші кезең – 2025 жылы 1 қаңтарда басталады:

жаппай сегментте (Classic, Gold және басқалары) бірінші кезеңде шекті мөлшерлемелер қазіргі мөлшерлемеден (1,80%-2,0%-дан) 1,50%-ға дейін, екінші кезеңде – 1,0%-ға дейін төмендейді;

премиум сегментте (Platinum, World және басқалары) бірінші кезеңде қазіргі мөлшерлемелерден (шамамен 2,40%-дан) 1,80%-ға дейін, екінші кезеңде – 1,20%-ға дейін төмендету көзделеді;

супер премиум сегментте (Infinite, World elite, Diamond және басқалары) бірінші кезеңде мөлшерлемелер қазіргі мөлшерлемеден (шамамен 2,45%-дан) 2,0%-ға дейін, екінші кезеңде – 1,40%-ға дейін төмендейді.

«Қолма-қол ақшасыз карталық төлемдер бойынша банкаралық комиссиялардың төмендеуі төлем индустриясының одан әрі дамуына оң ықпал етеді және банк комиссияларын төлеуге бизнес субъектілерінің шығындарын қысқартады. Бұл тәсіл қолма-қол ақшасыз төлемдерді одан әрі дамытып, «көлеңкелі экономиканың» азаюына оң әсерін тигізеді», – деп мәлімдеді Ұлттық банк.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру