присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Бензинге қатысты шектеу ұзартылды

24 ақпан 2023 17:29
Бензинге қатысты шектеу ұзартылды

Қазақстанда бензин мен дизель отынына қатысты шектеу тағы 6 айға ұзартылды.

Бұл туралы нормативтік құқықтық актілер ақпарат жүйесінде жарияланды.

Бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін. Бұл авиациялық отын мен автомобиль дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкетуге қатысты емес, - деп жазылған құжатта.

Бірлескен бұйрыққа Қаржы, Ішкі істер, Энергетика министрлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қол қойған.

Бұйрықтың орындалуын ҰҚК Шекара қызметі мен Ішкі істер министрлігі бақылайды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру