Бибісара Асаубаева Гран-при турнирін жеңіспен бастады
Шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева Үндістанның астанасы Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алғашқы жеңісіне жетті.
Ол бірінші турда алаң иесі Рамешбабу Вайшалиді ұтып, қоржынына бір ұпай салды.
Бұл турнир лайықты деңгейде ұйымдастырылмағандықтан бір күнге кешігіп басталған болатын. Соның кесірінен Жансая Әбдімәлік пен Германияның өкілі Элизабет Петц жарысқа қатысудан бас тартты.
Қазір турнирге қатысатын 12 шахматшының орнына 10 адам бақ сынап жатыр. Осыған байланысты турнирді ұйымдастырушылар лезде жарыс кестесін өзгертті.
Бибісара Асаубаева ала тақта аламанына екінші турдан бастап қатысып отыр. Енді ол бүгін грузиялық Нино Батсиашвилимен шахмат тақтасының басында кездеседі.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ