Бибісара Асаубаева Қытайда өткен турнирде екінші орын алды
18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Сианьда (Қытай) өткен The Belt and Road 2023 to World Chess Woman’s Summit турнирінде жүлделі екінші орынды иеленді.
Бибісара да әзербайжандық шахматшы Гюнай Мамедзаде де 8,5 ұпайдан жинаған. Алайда қосымша көрсеткіштер бойынша «алтын» әзербайжандық ойыншыға берілген.
"Демалыс күндері турнирді жақсы өткіздім. Ешкімнен жеңілмедім және қосымша бір ұпай алуға болатын еді. Өкінішке қарай, тай-брейкте ойнауға болмайды. Сондықтан үшінші қосымша ойын бойынша екінші орын алдым. Келесі жолы партияларды соңына дейін жеткізу керек", – деп жазды ол Instagram желісінде.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ