Бір тәулікте 211 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Қазақстанда бір тәулікте 211 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Қайтыс болғандар тіркелген жоқ.
6 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 589 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 283 пациент стационарда, 2 306 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус анықталғандар арасында 12 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалаған.
3 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ