присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Бишімбаевтың адвокаты судьяны ауыстыруды сұрады

11 сәуір 2024 10:50
Бишімбаевтың адвокаты судьяны ауыстыруды сұрады

11 сәуірдегі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлжанованы ауыстыруды сұрады.

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісі бойынша іс материалдарын зерттеу жалғасып жатыр. Сот барысында сотталушының адвокаты судьяға қарсылық білдірді. 

Заңға сәйкес, судьяға қарсылық бiлдiру қылмыстық процестің кез келген сатысында судьяның іске қатысуын болғызбайтын мән-жайлар туралы белгілі болғанда мәлімделуге тиіс. 

Судьяға қарсылық бiлдiру, сондай-ақ қарсылық бiлдiрiлуге жататын сот талқылауына қатысушылар туралы мәселенi сот кеңесу бөлмесiнде қаулы шығару арқылы шешедi, – делінген заңда.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру