Биыл қазақстандықтарға 2,8 трлн теңге зейнетақы төленді
Жыл басынан бері қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 2 трлн 803 млрд теңгеге зейнетақы төленді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, базалық зейнетақы төлеуге 882,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 трлн 920,2 млрд теңге қарастырылған.
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 413 мың адам.
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері – 131 810 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 211 теңге, базалық зейнетақы – 42 599 теңге.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ