БҚО-да көшелер және тұрғын үй аулаларын су басты
Батыс Қазақстан облысында көшелер мен тұрғын үй аулаларын еріген қар суы басып қалды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кеше 16:00-ден 23:00-ге дейін +2 температура режимінде қардың қарқынды еруі салдарынан Орал қаласы мен Бөрлі ауданы Ақсай қаласы орталығының көшелері және тұрғын үй аулаларында еріген қар суы жиналған.
Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күшімен еріген қар суын бұру және сору жұмыстары жүргізілді. Көшелер мен аула аумақтарынан барлығы 933 текше метр су сорылып, 5 100 текше метр қар шығарылды
Барлық жедел ақпаратты облыстың ТЖД жедел су тасқынына қарсы штабы және Орал қаласы мен аудандардың әкімдіктері өңдейді.
Су тасқыны кезеңінің өтуіне бақылау жүргізіліп жатыр.
Көшелер мен аула аумақтарында Төтенше жағдайлар департаментінен 11 қызметкер, 2 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 25 адам және ЖАО 23 техника жұмыс атқарды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ