присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

БҚО-да су басқан аумақтарда эвакуацияланған 275 адам үйіне оралды

17 наурыз 2023 10:27
БҚО-да су басқан аумақтарда эвакуацияланған 275 адам үйіне оралды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Орал қаласы мен облыстың 5 ауданында – Ақжайық, Бөрлі, Қаратөбе, Казталов және Бәйтерек аудандарында жүргізілді, инертті материал салынған қаптарды дайындау және төсеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Жалпы инертті материал салынған 5000-нан астам қап төселді, қосымша 4 000-ға жуық қап дайындалды, 75000-нан астам текше метр су сорылды. Су тасқыны кезеңінің басынан бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша 500 000 текше метр су сорылды. Тартылған күштер мен құралдардың жедел іс-қимылының арқасында бұрын су басқан 57 тұрғын үйден су сору жұмыстары аяқталды, бұрын эвакуацияланған 275 адам өз үйлеріне оралды, 22 адам туыстарының үйлерінде. Жағдай тұрақты бақылауда. Сонымен қатар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары 20 саяжай аумағында жүргізілуде», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазір Дерқұл, Шаған және Шыңғырлау өзендері арналарындағы су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Су деңгейінің күрт көтерілуі байқалып отырған жоқ. 11 бақылау гидробекеті қойылды, олардың көрсеткіштері бойынша жедел шешім қабылданып отыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру