присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

БҚО-да тасқын салдарынан өлген мал шығыны 100% өтелді

13 маусым 2024 10:55
БҚО-да тасқын салдарынан өлген мал шығыны 100% өтелді

БҚО-да  су тасқыны болған аудандарда төтенше жағдай салдарынан өлген мал басының санын анықтау және өтеу бойынша жұмыс жүргізетін арнайы комиссиялар құрылып, су тасқыны салдарынан 2 457 бас малдың шығыны расталды.

Ветеринариялық қызмет, жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, өлген жануарлардың өлекселерін жою жұмыстары толықтай жүргізілді. Жануарлардың өлекселерін жою жұмыстары өртеу арқылы арнайы қазылған шұңқырларға көміліп, залалсыздандырылды.

Су тасқынынан өлген ауыл шаруашлығы жануарларының құнын есептеу премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық еткен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және 2024 жылғы су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикаық штаб отырысы бекіткен су тасқынынан шығын (өлім) болған ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу жөніндегі алгоритміне сәйкес атқарылды.

Айқындалған шығындар негізінде облыс бюджетінің тетенше жағдайлар резервінен су тасқынынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу үшін 187,5 млн теңге қаражат бөлінді.

Қазір барлығы 139 өтінімге сәйкес, 1 171 бас ауыл шаруашылығы жануары, соның ішінде 219 бас ірі қара, 680 бас ұсақ мал, 63 бас жылқы, 71 бас шошқа және 138 бас құс үшін облыс тұрғындарының 151,6 млн теңге шығыны өтелді.

Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру жүйесінде тіркелмеген мал бастарына шығынды өтеу бюджеттік емес көздерден жүргізілді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру