присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

БҚО шаруалары субсидияға алынған асыл тұқымды малдарды сатып жіберген

01 ақпан 2024 15:20
БҚО шаруалары субсидияға алынған асыл тұқымды малдарды сатып жіберген

Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындары бюджет ақшасына алынған малды сатып жіберген.

Шыңғырлау ауданының прокурорлары 2021-2023 жылдары субсидия алған 47 шаруа қожалығына талдау жүргізген. Соның нәтижесінде мемлекетке 20,9 миллион теңге көлемінде залал келгені анықталды.

Ақша бастапқыда асыл тұқымды қой мен ірі қара мал сатып алуға бөлінген. 11 шаруашылық бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды. Олар бюджеттік ақшаға алынған жануарларды сатып жіберген. Шаруа қожалықтары аналық мал басын сақтау керек деген ережені бұзды.

Олар асыл тұқымды шаруашылықты дамытқысы келетіндерін айтып, барлық құжаттаманы ұсынып, мемлекеттен ақша алған. Бірақ кейінірек аналық малдарды сатқан», – деді Шыңғырлау ауданының прокуроры Серік Ұрынғалиев.

Қазір кәсіпкерлер өз еркімен бюджетке 2,2 миллион теңгеден астам қаражатты қайтарды. Сот қалған шаруа қожалықтарын да қаражатты қайтаруға міндеттеді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру