присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Браконьерлерден 580 келіге жуық балық тәркіленді

03 маусым 2024 16:42
Браконьерлерден 580 келіге жуық балық тәркіленді

Түркістан облысында полицейлер браконьерлерден 580 келіге жуық балық тәркіледі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау тобының қызметкерлері «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 156 құқықбұзушылықты анықтады. Браконьерлерден 580 келі балық, шамамен 1 500 метр балық аулау торлары, қайықтар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.  

Мәселен, тәртіп сақшылары балық инспекторларымен бірге Ордабасы ауданы Арыс қаласының екі тұрғынын анықтады. Олардан қайық пен 60 келіге жуық түрлі балық тәркіленді. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, барлық жағдай анықталып жатыр, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Түркістан облысының тәртіп сақшылары Бөген, Көксарай мен Шардара сияқты өзендер мен су қоймаларын қараусыз қалдырған қайықтар мен балық аулау торларынан тазартқан.

Тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру