присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Брекешев келесі жылы да киіктердің атылмайтынын айтты

20 желтоқсан 2022 13:10
Брекешев келесі жылы да киіктердің атылмайтынын айтты

2023 жылдың аяғына дейін киік атуға тыйым салынады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.

«Бүгін біз ақбөкендер санын реттеуге қатысты мораторийді ұзарту туралы ұсыныспен ақпарат жібердік. Егер біздің ұсынысымыз қолдауға ие болса, онда 2023 жылдың соңына дейін ақбөкендерді аулауға тыйым салынады. Яғни келесі жылы ақбөкендерді атпаймыз», - деді Серікқали Брекешев Үкімет отырысынан соң.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру