Бүгін Түркі елдері басшыларының саммиті басталады
Бүгін Өзбекстанның Самарқанд қаласында Түркі елдері ұйымына мүше мемлекет басшыларының саммиті басталады. Басқосуға президент Қасым-Жомарт Тоқаев барды. Мәртебелі мейманды Самарқанд халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми лауазым иелері қарсы алды.
Саммит басталмас бұрын Түркі мемлекеттерінің басшылары «Ұлы Жібек жолы» халықаралық туризм орталығында болды. Осы жерде олар «Мәңгілік қала» кешеніне барды.
Өзбекстанның туризм және мәдени мұра министрлігі шетелдік делегация мүшелерін орталықтың жұмысымен таныстырды.
Түркі мемлекеттері ұйымының бірінші саммитіне келген Қазақстан делегациясы – «Savitsky Plaza», Түрік делегациясы – «Samarkand Regency Amir Temur», Түркіменстан делегациясы – «Silk Road By Minyoun», Әзірбайжан делегациясы – «Lia By Minyoun Stars of Ulugbek», Венгрия делегациясы – «Wellness Park Hotel» 31 «Afrasiab», Венгр іскер тобы – «Wellness Park Hotel 32 «SOGD», Қырғызстан, TМҰT және оның құрылымдық делегациясы «Wellness Park Hotel 33 «Bactria» қонақ үйіне орналасты.
Сонымен қатар, «Wellness Park Hotel 34» - «Turon» қонақ үйінің резервтік қоры ұйымдастырылған.
Саммиттің алдында Өзбекстан Республикасы президентінің жарлығымен Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған «Жоғары дәрежелі Имам Бухари» орденімен марапатталды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ