Дарындарды басқару – HR студенттерінің бірінші форумы
Адами капиталдың даму деңгейі - әлеуметтің даму индикаторы
«XXI ғасырдың сипаттамалары әртүрлі биотехнологиялық заман, инфокоммуникация заманы дейді, бірақ осының бәрі адам үшін, адам жасайды. Адамзат технологиялық даму сатысы жоғарлаған сайын адами капитал құндылығы да нығая түседі....сол себептен осы ортамызға келіп отырған студенттер, болашақ HR мамандардың сапасы ерекше...осы форумға қатысып отырған білім алушыларға 500-ден астам кәсіби мамандар кіретін HR Менеджерлер қауымдастығына бір жылдық мүшелігін тегін ұсынуды құп көріп отырмыз», - деді Менеджерлер қауымдастығының Жалпы жиналысының төрағасы Әлихан Бәйменов.
КАЗГЮУ Университеті мен Қазақстанның HR Қауымдастығымен бірлесе отырып, еліміздің жоғары оқу орындарындағы HR студенттеріне ерекше назар бөлу, оларға беріліп жатқан білім сапасын саралау мақсатында а.ж. 27 қазанда «Дарындарды басқару – HR студенттерінің бірінші форумын» өткізді. Форумға еліміздің 12 университеттерінен 100-ден аса болашақ HR мамандары қатысты.
«Кез келген компанияның, ұжымның, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің өте маңызды болып табылатын бірден бір индекторы адами капиталға назар аударып, арнайы форум өткізіп отырған М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетіне алғысымды білдіремін», – деді Менеджерлер қауымдастығының Жалпы жиналысының төрағасы Әлихан Бәйменов.
Форумға М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев, ҚР HR Менеджерлер қауымдастығының Жалпы жиналысының төрағасы Әлихан Бәйменов, ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Альтаир Ахметов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен Қазақстанның HR Ассоциациясы жетекшілері, Atameken Business медиахолдингінің бас директоры Қанат Сахария басқа танымал қоғам қайраткерлері, HR менеджерлер мен инфлюенсерлер қатысты.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ