присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Депутаттар иесіз қалған жануарларды өлтіруді көздейтін заң жобасын қарауға кірісті

14 ақпан 2024 12:15
Депутаттар иесіз қалған жануарларды өлтіруді көздейтін заң жобасын қарауға кірісті

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарауға кірісті.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ бұралқы иттер және қараусыз қалған жануарлар санын реттеу үшін бұл заң жобасына Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасап, әзірледі», - деді депутат Еділ Жаңбыршин.

Заң жобасында төмендегідей нормалар бар:

  • Жануарларды есепке алудың бірыңғай электронды базасын орталықтандыру;
  • Жануарды уақытша ұстау орнына орналастырғанға дейін жануардың иесіне одан бас тартуға тыйым салуды белгілеу;
  • Жануардың иесіне оны далаға тастамай, уақытша ұстау орнына өткізуді міндеттеу;
  • Жануарлар агрессия танытып, шабуыл жасаған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың осындай оқиғаларға шұғыл ден қою шараларын ұйымдастыру міндетін белгілеу.

Депутат заң жобасында иесіз қалған жануарларды өлтіруді көздейтін норма барын жеткізді.

«Ауруға шалдыққан, агрессия көрсететін, зооқорғаныс ұйымдары мен өзге де тұлғалар тарапынан орнастырылмаған және талап етілмеген жануарлардың санын реттеу үшін, егер олар бұралқы иттер болса 15 күн ішінде, ал олар қараусыз қалған жануарлар болса, 60 күн ішінде эвтаназия қолдану. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Еділ Жаңбыршин.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру