Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 15 мың масканы тегін таратады
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы Facebook-тегі парақшасында қауымдастық 15 мың масканы тегін таратындарын жазды, - деп хабарлайды Taunews.kz.
Қауымдастық еліміздегі қандастарымызға, оның ішінде көпбалалы отбасылар, мектептер мен медициналық ұйымдарға тегін маска таратып бастады. Алғашқылардың бірі болып қорғаныш құралын алғандар қатарында Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Бозайғыр, Қоянды ауылындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылары бар.
"Бұл - халыққа көрсетіліп жатқан көмек. Бұл да азаматтарымызға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керегін, карантин талабын міндетті түрде орындау керегін көрсетеді. Қазіргі таңда әлем аты жаман аурумен күресіп жатыр. Әсілі, қазақ аурудың атын айтпайды ғой. "Әр қазақ менің жалғызым" деген сөз бар. Бұл - бір-бірімізге бауырмалдық танытатын уақыт", - дейді Сырымбек Төлеуұлы.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ