Дүниежүзілік сайлау күніне орай конституциялық-құқықтық өлшем» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды
Дүниежүзілік сайлау күніне орай 2024 жылдың 1 ақпанында Maqsut Narikbayev University ҚР Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп «Сайлау мемлекеттік биліктің заңдылығын қамтамасыз ету тетігі: конституциялық-құқықтық өлшем» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталған шарада Қазақстанның сайлау жүйесін дамытудың проблемалары мен тенденциялары талқыланды. Бұл кездесудің мақсаты — еліміздегі сайлау үдерісі бойынша құқықтық білім беру және сайлау мәдениетін арттыру.
Дүниежүзілік сайлау күні 2005 жылы Будапештте өткен III жаһандық сайлау конференциясында бекітіліп, жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде аталып өтіледі. Сайлау ұйымдастырушыларының жұмысының маңыздылығын мойындау — Конференция шешімінің негізі болды және Біріккен Ұлттар Ұйымының Демократия қорының қолдауына ие. Бұл күні азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау үдерістерін жетілдіру мәселелеріне назар аударылады.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров өз құттықтау сөзінде қазіргі таңда сайлаудың заңды билікті қалыптастыру үшін маңызы зор және мемлекет басшысы ұсынған конституциялық өзгерістерді жүзеге асырудың тиімді құралына айналғанын атап өтті.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ш. Өтемісов, MNU профессорлары М. Қоғамов, И. Әубәкірова, А. Жүсіпов, А. Оразбаева, Қонаев университетінің профессоры Қ. Айтхожин,. Стамбул университетінің деканы Фити Гедикли және сайлау технологиялары мәселелерімен айналысатын сарапшылар мен MNU магистранттары қатысты.
Шара аясында профессор М. Қоғамов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен бір топ авторлар жазған «Сайлау туралы» Заңға түсініктеме берді. Сондай-ақ, профессор И. Әубәкірова «Онлайн Сайлау сөздігін» таныстырды.
MNU Провосты Сергей Пен өз сөзінде мемлекетіміз үшін, болашағымыз бен отбасымыздың мүддесі үшін сайлау мәдениетін дамытудың ұзақ кезеңінен өту аса маңызды екенін атап өтті.
Айта кету керек, дөңгелек үстелге қатысушылар сайлау институтына қатысты бірқатар тың ұсыныстарымен бөлісті. Шара соңында Сайлау институтының түрлі аспектілерін талқылау нәтижелері бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясына тиісті ұсыныстар жіберіледі.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ