Головкин ресми түрде әлем чемпионы атағынан бас тартты
Боксшы Геннадий Головкин ресми түрде WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалудан бас тартты.
Matchtv.ru сайтының хабарлауынша, Головкин былтыр Жапонияда Риота Муратамен жекпе-жектен кейін WBA Super чемпионы атанып, орта салмақтағы әлем чемпионы титулын сақтап қалған еді.
Енді ол орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалудан бас тартты. Оның себебін Головкиннің WBA-дағы өкілі Джон Хорнвер айтты. Ол Головкиннің Эрисланди Ларамен жекпе-жегіне өтінім беру мерзімі жақындап қалғандықтан, WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан бас тартатынын ескертті.
Осы кезге дейін Головкин кәсіпқой бокста 42 рет жеңіп, екі рет жеңілген. Бір жекпе-жегінде қарсыласымен тең түскен.
Бұған дейін Головкин IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан да бас тартқан еді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ