Гүлмира Қанай : Ұстаз – тұлға қалыптастырудағы басты модель
Ұстаз – тұлға қалыптастырудағы басты модель. Бұл туралы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеттің ректоры Гүлмира Қанай Түркістанда өткен ардагер ұстаздармен кездесуде айтты.
Университеттің 80 жылдық мерейтойына орай жоғары оқу орынының зиялы түлектері – ұстаздармен кездесу өтті. Жиында Университет басшылығы болашақтың шамшырағы болған ұстаздардың жемісі – білімді шәкірттері екенін айтты.
«Ұстаз – тұлға қалыптастырудағы басты модель. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Болашақтың шамшырағы болған ұстаздардың жемісі – білімді шәкірттері. Осы орайда, сіздердің білім беру жолында атқарған еңбектеріңіз ерен деп білемін»,-деді университет ректоры Гүлмира Қанай.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ұстаздардың біліктілігін арттыру мәселесі талқыланды. Сонымен қатар білім ордамыздың аға оқытушылары мен білім және ғылым саласында қызмет етіп жүрген университет түлектері өз баяндамаларын ұсынды.
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің айтулы жетістіктері жайлы естіп, қатты қуандым. Мен бұл институттың 1974 жылы түсіп, 1975 жылы оқуын тәмамдаған түлегімін. Білімі беру жүйесі бұрыннан өте мықты екенін нық сеніммен айта аламын. Себебі осы білім жүйесінің арқасында өзім де үздік мұғалім атанып, мектеп директоры дәрежесіне дейін көтерілдім. Қазір зейнеттік демалыстамын. Білім ордамыз гүлденіп, биік белестерді бағындыра берсін»,- деді университеттің түлегі Ұлман Мәуленқызы.
Жиын соңында зиялы ұстаздар қауымын марапаттау рәсімі өтті.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ