ІІМ түлектері жиі ереже бұзатын автомектептердің рейтингін жасамақшы
Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов автомектептердің сапасын сынады.
«Біз «жылдамдықты жақсы көретіндерге» жазаны күшейтеміз. Тиісті заң жобасы Сенатқа енгізілді. Сондай-ақ, мас күйінде, автокөлікті куәліксіз басқарса 7 жылға дейін жүргізуші куәлігін алуға тыйым салынады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, жүргізушілерді дайындау талаптар қайта қаралады. Өзін-өзі дайындау тоқтатылды (ІІМ-нің 10.04.2024 ж. №315 бұйрығы)», - деді ол.
Е.Сәденов министрлік автомектептерді есепке ала бастағандарын айтты.«Түлектердің қатысуымен болған апаттар рейтингін енгіземіз.
Оқу курстарын өту туралы куәліктерді, медициналық анықтамаларды электрондық нысанға көшірдік. Бірақ, жүргізушілерді оқыту сапасына қатысты мәселелер бар. Кейбір автомектептерде қажетті жағдай жоқ. Себебі бұл саланы мемлекет бақыламайды. Бұл функцияларды Ішкі істер министрлігіне қайтаруды сұраймыз. Оған қоса, автомектеп ашу үшін рұқсат беру тәртібін ауыстыру қажет», - деді министр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ