присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

inDrive пайдаланушылары қалааралық сапардың үздік жүргізушілерін таңдай алады

26 қараша 2024 15:24
inDrive пайдаланушылары қалааралық сапардың үздік жүргізушілерін таңдай алады

2024 жылдың қазан айында inDrive көлік және қалалық қызметтердің жаһандық платформасы қалааралық сапарға шығатын жүргізушілерге “Супер-жүргізуші” атануға мүмкіндік берді. Мұндай атағы бар ең белсенді, рейтінгі жоғары, оң пікір жинаған және жол қауіпсіздігі бойынша оқытуын сәтті аяқтаған жүргізушілер пайдаланушыларға бірінші кезекте ұсынылады. Жаңа функция алыс сапарға жиналған жолаушылардың сапарын сенімді әрі жайлы етуге бағытталған, сондай-ақ үздік жүргізушілерге көбірек тапсырыс алуға көмектеседі.

inDrive қосымшасын пайдаланушылар қосымшаның “Попутки” бөліміне өтіп,  “Супер-жүргізушілерді” профиль фотосының астындағы арнайы көк белгі арқылы тани алады. Бұл статус рулі сол жақта орналасқан көліктерді айдайтын жүргізушілерге беріледі, олар жол қауіпсіздігін сақтау деңгейі жоғары және сапа стандарттарына сәйкес келетін, қалааралық сапарға жиі шыққан тәжірибелі жүргізушілер. Мұндай статус алу үшін жүргізуші мына талаптарға сай болуы тиіс: рейтингі 4.8-ден жоғары, соңғы 90 күнде 30-дан астам сапар жасаған, онлайн оқудандан өтіп, қауіпсіздік бойынша тестті сәтті тапсырған болуы тиіс. Жаңа функция іске қосылған алғашқы айда 1500 үздік жүргізуші “Супер-жүргізуші” статусын иеленді.

“Жолаушылар үшін бұл белгі жүргізушіні таңдауда қосымша критерий болады және қалааралық сапарларды жайлы әрі сенімді етеді. Ал жүргізушілер үшін бұл платформада көбірек тапсырыс алуға мүмкіндік пен сапа мен қауіпсіздік стандарттарын жоғары деңгейде ұстауға ынталандыру болады,” – деді inDrive.Межгород Қазақстандағы басшысы Борис Хван.

2024 жылдың соңына дейін inDrive қосымшасына қалааралық сапарлардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа функциялар енгізілмек. Компания жүргізушілерге тұрақты фотобақылау енгізуді жоспарлап отыр, бұл бөгде құжаттармен сапарға шығудың алдын алады. Сонымен қатар, егер жолаушы жүргізушінің ауысуын күдіктенсе, ол да дереу фототексеру бастауға мүмкіндік алады. Бұдан бөлек, қосымшада сапар кезіндегі төтенше жағдайларға арналған функциялар пайда болады, олар Safety батырмасы арқылы қолжетімді. Батырманы басу арқылы жолаушылар мен жүргізушілер сенімді байланыс тұлғаларына геолокацияны, мекенжайды, көліктің маркасы мен моделін жібере алады, сондай-ақ қызмет көрсету орталығымен немесе шұғыл қызметтермен байланыса алады.

inDrive.Межгород Қазақстанда 2015 жылдың желтоқсан айынан бері жұмыс істейді. Қазіргі таңда сервис елдегі 1000-нан астам елді мекенді қамтиды. Қосымшаның көмегімен пайдаланушылар бүкіл көлік салонын немесе попутшы ретінде орын жалдай алады, сондай-ақ 100 кг-ға дейінгі қалааралық жүктерді жібере алады. Әр формат пайдаланушылар мен жүргізушілерге бағаны өзара келісуге, ыңғайлы уақыт пен орын таңдауға мүмкіндік береді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру