присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ипотекалық бағдарламалар халыққа қолжетімсіз – депутат

25 қараша 2022 10:50
Ипотекалық бағдарламалар халыққа қолжетімсіз – депутат

Сенат депутаты Дәурен Әділбеков елімізде тұрғындар ипотекалық бағдарламалар аясында үй ала алмай отырғанын айтты. Депутаттың пікірінше, тұрғындар үшін баспана мәселесі өте күрделі.

Ипетокалық бағдарламалардың қолжетімсіздігіне тоқталайын. Мемлекеттік бағдарламалардың болуына қарамастан, халыққа үй алу қолжетімсіз болып отыр. “Отбасы банкінде” жылдық пайыздық ставка диапазоны 3,5%-дан 7% аралағында, ал екінші деңгейлі банктердің коммерциялық бағдарламаларында жылдық пайыздық ставка – 12%-дан жоғары. Оларға елдегі ипотекалық портфельдің 30%-ы тиесілі, - деді депутат Сенаттағы Үкімет сағатында.

Дәурен Әділбеков «7-20-25» бағдарламасына да оқталды.

«Сарапшылардың пікірінше, бүгінде 7-20-25 бағдарламансыың халыққа қолайлы шарттары өзектілігін жоғалтып отыр. Бағдарлама бойынша негізгі шектеу тұрғын үй құнының төмен лимиті және тек бастапқы нарыққа басымдық беруі болып саналады. Бұл бағдарлама бойынша қайталама нарықта объектілерді сатып алу мүмкін емес, бұл таңдауды айтарлықтай шектейді», - деді сенатор.

Айта кетейік, қазіргі таңда ипотеканың қолжетімділігі бойынша Қазақстан әлемдік рейтингінде 111 мемлекеттің арасында 71-ші орында тұр.

Айта кетері, жуырда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «7-20-25» бағдарламасының орнына ұсынылған ипотеканың пайыздық мөлшерлемесін қайта өзгерту туралы шешім қабылдады.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру