Ирандағы наразылық кезінде 300-ден астам адам қаза тапты
Иранда алғаш рет биліктің саясатына наразылық шеру кезінде қайтыс болған адамдардың саны жарияланды. Ислам революциясы Сақшылар корпусы қолбасшыларының бірі Әмір Әли Хаджизаденің айтуынша, қақтығыстар кезінде 300-ден аса адам қаза тапты.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында шеруге шыққандардан басқа, әскерилер де бар. Сондай-ақ ел билігі 18 мыңнан аса адамның ұсталғанын мәлімдеді.
Иранда наразылық шерулері күзде басталған болатын. Одан кейн ол ереуілге ұласып, елдің бірнеше қаласында жалғасты. Ереуілге хиджабты дұрыс кимегені үшін соққыға жығылып, көз жұмған Махса Амини есімді келіншектің қазасы себеп болған еді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ