присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«Ирина Кайратовна» концертіндегі қайғылы жағдай: мобилограф қазасының алдын ала себебі айтылды

16 қазан 2023 14:49
«Ирина Кайратовна» концертіндегі қайғылы жағдай: мобилограф қазасының алдын ала себебі айтылды

«Ирина Кайратовна» тобының мобилографы өлімінің алдын ала себебі айтылды.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Жылқайдар Шахназ өлімінің алдын ала себебі – жедел геморрагиялық панкреонекроз.

Марқұмның мәйіті 14 қазанда сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Сот  сараптама институтына жеткізілді.

Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Зерттеу жұмыстары екі аптаға дейін жүргізіледі.

Айта кетейік, «Ирина Кайратовна» тобының мобилографы Астанадағы концерт кезінде кенеттен қайтыс болды. Біраз уақыттан кейін топ мүшелері сахнаға шығып, мобилографтың қайтыс болғанын хабарлады. Концерт тоқтатылды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру