присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қарағанды облысында әлі жасқа толмаған сәби көкжөтелден көз жұмды

11 маусым 2024 12:59
Қарағанды облысында әлі жасқа толмаған сәби көкжөтелден көз жұмды

Биыл Қарағанды облысында әлі жасқа толмаған сәби көкжөтелден көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарат Әлназарова айтты.

Биыл Қарағанды облысында көкжөтел салдарынан сәби жұмды. Бала екпе алмаған, - деді министр.

Көкжөтел – жедел тарайтын, көбіне 8 жасқа дейінгі балаларда болатын жұқпалы ауру. Соңғы жылдары балалар арасында қызылша, көкжөтел және басқа да инфекциялық аурулар жиі кездеседі.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда екпе алмаған 800 мыңнан астам бала бар екенін анықтады. Көкжөтел, дифтерия, А және В вирустық гепатиттері, қызылша, қызамық, сіреспе, полиомиелит, паротит және гемофильлі инфекция сияқты қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы қайталама иммундау жүргізіледі.

Ұлттық егу күнтізбесі аясында екпеден қалып қойған 18 жасқа дейінгі балаларды вакциналауға мемлекеттік резервтен 5 млрд 832 мың теңге бөлінді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру